"Өзім жауап бердім": Ринаттың тәртібіне Мәжіліс бас қатырып отыр ма?

Уақыты: 27.09.2023
Оқылды: 1852
Бөлім: САЯСАТ

Биыл ғана депутат болып сайланған Ринат Зайытовтың тәртібін Мәжіліс қараған. Оған себеп, жуырда берген сұхбатындағы «Қазақстандағы алаяқтықтың 80 пайызын жасайтын қауым – намаз оқитындар» деген мәлімдемесі болып отыр. 

Осы мәселеге орай Мәжіліс кулуарында журналистер Ринат Зайытовтан «Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен пікіріңізді өзгерткен жоқсыз ба? Өз ұстанымыңызда қаласыз ба?» деген сұрақтарын қойды.

Журналистерге ашық депутат қашанда өз ұстанымында қалатынын жеткізді.

Бұл туралы әлеуметтік желіде де жаздым. Өз ұстанымымнан таятын болсам, сіздер бірінші естисіздер, - деді Ринат Зайытов.

Осы тұста Мәжіліс депутаты өз "тәртіп" мәселесінің Мәжілісте сөз болғанын айта келіп, "қалыпты жағдай" деп атады бұл мәселені. 

Иә, шағымдар, арыздар болды. Дисциплинарлық топ та құрылды. Нақты шағымға өзім жауап бердім. Қалыпты жағдай ғой, - деді ол.

Фото: ашық дереккөзден