"МЕНІҢ НАЗАРЫМДА": СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ

Уақыты: 10.12.2019
Оқылды: 1165
Бөлім: САЯСАТ

2020 жылдың қаңтарынан бастап бакалаврда, магистратурада, докторантурада оқитындар үшін шәкіртақы көлемі 25 пайызға артады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Жастар жылының жабылуы және Еріктілер жылының ашылу салтанатында осылай айтты. Бұл туралы www.egemen.kz хабарлады.

- Бәріміз білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ісіне айрықша мән беріп отырмыз. Жалпы, еліміздегі бастамалардың барлығы жас буынның жарқын болашағы үшін қолға алынды. Жастарымыздың жан-жақты дамуына жағдай жасау – менің Президент ретіндегі басты міндеттерімнің бірі. Сондықтан, осы мәселе әрдайым менің назарымда болады. Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің мәртебесі, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жаңа бағдарлама арқылы жастарға сапалы білім беру, жұмысқа тұру, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету тетіктері ұсынылуы керектігін айтты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды