ПАРТИЯ ОТЫРЫСЫНДА БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Уақыты: 24.09.2021
Оқылды: 832
Бөлім: МІНБЕР

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалында білім және ғылымды дамыту жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Дамир Дигай мен облыстық филиал төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров, кеңес мүшелері мен депутаттар «Nur Otan» партиясының «Өзгеру жолы: барлығына лайықты өмір!» атты Алматы облысы бойынша Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалу барысы, мектеп құрылысы мен күрделі жөңдеудің проблемалары мен тәуекелдері, мамандандырылған химия, физика және биология кабинеттерін жабдықтау, мектептердің қысқы жылыту маусымына дайындағы жайында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова мен облыстық құрылыс басқармасы басшысы Дәурен Жолжановтың баяндамаларын тыңдады.

Баяндамаларда білім саласындағы өзекті мәселелер айтылып, әлеуметтік желілерде көтерілген білім саласы, ұстаздар қауымы мен білім беру мекемелерінің ғимараттарына қатысты жарық көрген резонанстық жарияланымдар сөз болды. Аталған мәселелер кеңес мүшелері тарапынан талқыланып, ұсыныс-тілектер тыңдалды.

Кеңес төрағасы Дамир Дигай отырыс соңында хаттамалық тапсырма беріп, облыстық филиалға жауапты мекеме басшыларынан белгіленген мерзімде жауап беру қажеттігін ескертті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"