"NUR OTANDA" МЕДИЦИНАДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША СЫН-ЕСКЕРТПЕ АЙТЫЛДЫ

Уақыты: 02.10.2021
Оқылды: 1487
Бөлім: МІНБЕР

«Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалы жанынан құрылған ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Отырысқа Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров, облыстық және аудандық ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес төрағалары мен мүшелері, басқарма басшылары онлайн режимде қатысты.

Күн тәртібінде өңірдегі денсаулық сақтау нысандары - 3 дәрігерлік амбулатория, 20 медициналық пункттің құрылысы, медициналық көмектің қолжетімділігі мәселесі, медициналық техникамен жабдықтау мен міндетті медициналық сақтандырудың проблемалық мәселелерін талқылау, Қапшағай қалалық және Талғар, Іле аудандық ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес төрағаларының есептерін тыңдау, Алматы облысы бойынша аймақтағы денсаулық сақтау саласының жағдайын жақсарту бойынша кеңес мүшелерінің ұсыныстары қаралды.

Кеңес төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Құраметова күн тәртібіне енгізілген мәселелерді толығымен қарап, тиісті басқарма басшылары мен жауапты сала мамандарына хаттамалық тапсырмалар жүктеп, сын-ескертпелерін айтты.

Кеңес соңында сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар тыңдалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"