Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ШАҒЫН ҚАЛАЛАРДЫ ҚАЛАЙ ДАМЫТАМЫЗ? ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТАЛҚЫЛАУЫ

Уақыты: 05.10.2021
Оқылды: 896

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалында онлайн режимде өңірлерді дамыту қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Кеңестің күн тәртібінде өңірдегі моно және шағын қалалардың дамуы мен аббаттандырылуы мәселесі, сондай-ақ, ағымдағы жылдың 8 айында «Жол картасының» аудан, қалалардағы орындалу көрсеткіштері қаралды.

Кеңес төрағасының орынбасары Виктор Тен, Алматы облыстық филиал төрағасының орынбасары Аслан Көбентаев пен кеңес мүшелері Алакөл, Еңбекшіқазақ, Сарқан, Қаратал, Қарасай, Панфилов, Талғар, Қапшағай, Текелі аудан-қалаларының кеңес төрағалары мен аумақтық партия филиалы төрағаларының бірінші орынбасарларының есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар жүктеді.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық, облыстық, аудандық және қалалық Жол карталарында 2198 іс-шара мен индикаторларға қол жеткізу көзделген. Өңірлерді дамыту қоғамдық кеңесінің отырысында моно және шағын қалалардың даму барысы сөз болды. Сондай-ақ, кеңес отырысында әлеуметтік желілерде резонанс тудырған өзекті мәселелер талқыланып, жауапты сала басшылары тарапынан жауаптар берілді. Алакөл, Іле, Еңбекшіқазақ, Панфилов аудандық қоғамдық кеңестеріне осы бағытта тапсырмалар жүктелді.

Айта кетейік, Алматы облысында моно және шағын қалалар санатына Текелі, Қапшағай, Есік, Талғар, Қаскелең, Жаркент, Сарқан, Үшарал, Үштөбе елді мекендері жатады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"