Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ПАРТИЯНЫҢ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕЙДІ

Уақыты: 19.10.2021
Оқылды: 709

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібінде Жол картасының индикаторларын іске асыру шеңберінде халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру және «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру барысы туралы мәселелер қаралды.

Отырысқа қоғамдық кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Әсет Қыдырманов, кеңес мүшелері және жауапты мекеме басшылары қатысып, өз ұсыныстары мен сауалдарын жеткізді.

Отырыста талқыланған ең маңызды мәселе – өңірімізде жұмыспен қамтылған тұрғындардың санын ұлғайту және Жол картасы аясында ашылған жаңа нысандарда құрылған жұмыс орындарының ақпаратын саралау, өңірімізде кәсіпкерлік саласының дамуына жағдай жасау және жаңа бизнес жобаларды мемлекет тарапынан қаржыландыру мәселесі болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"