Оқи отырыңыз
«AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 26 сәуірде кезектен тыс XXIII съезді шақыру туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов әлеуметтік желіде жазды. «Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Оған барлық өңірлерден делегат қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп, дайындық іс-шараларын бастады. Съезд барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда», - деді А.Оралов.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"