АЛМАТЫ ІРГЕСІНДЕГІ ЖОЛ АПАТЫ: "МАЗДАНЫҢ" САУ-ТАМТЫҒЫ ҚАЛМАДЫ

Уақыты: 17.05.2021
Оқылды: 1011
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қарасай ауданында көлік апаты болды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға бүгін сағат 10:00 шамасында орын алған. Қарасай ауданының Жібек жолы-Елтай-Боралдай автожолында жеңіл машина екі жүк көлігінің ортасында қалған. Соққының салдарынан «Мазда-626» көлігінің сау-тамтығы қалмады.

Көлік апатын Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі растады. «HUALING» маркалы жүк көлігі кептеліс салдарынан арақашықтықты сақтамай «Мазда-626»-ға барып соғылған. Жеңіл автокөлік соққының салдарынан алдындағы «Volvo» жүк көлігіне созылған. Оқиға орнында жеңіл машинаның жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға түсті», - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қазір аталған көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"