МОҢҒОЛИЯДАН КЕЛГЕН ӘЙЕЛ ЖАЛҒАН АРЫЗ БЕРІП, ПОЛИЦЕЙЛЕРДІ АЛДАДЫ

Уақыты: 05.08.2021
Оқылды: 1213
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ескелді ауданында полицейлерге жалған көрінеу ақпарат берген әйел азаматша қолға түсті. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

2020 жылдың желтоқсан айында Ескелді аудандық полиция бөліміне Моңғолия Республикасының тумасы бір бас ірі қара малының ұрланғаны жайында арызданған болатын.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тергеуші арызданушының жалған ақпарат таратқанын анықтады. Арызданған 38 жастағы азаматшаның бір бас ірі қара малын қарызының өтемі ретінде беріп, күйеуінен қорыққандықтан жалған ақпарат бергендігі белгілі болды.

Тәртіп сақшылары мал ұрлығы дерегі бойынша тіркелген қылмыстық істі қысқартып, көрінеу жалған сөз жеткізу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабына сәйкес іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу материалдары алдағы уақытта соттың қарауына жолданады.

Естеріңізге сала кетейік, көрінеу жалған ақпарат берген адамға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан