ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

Уақыты: 01.02.2020
Оқылды: 1247
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде әділет органдарының негізгі мәселелері және сот орындаушылар, адвокаттық, нотариалдық қызмет бойынша түсіндіру жұмысына арналған жиын өтті.

Облыстық әділет департаментінің басшысы Абай Арап шараның негізгі мақсатын түсіндіре келе, түскен хаттардың көпшілігі атқарушылық іс жүргізу және нотариустардың жазбалары бойынша екендігін айтты. Әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде өткен жиында әділет органдарының негізгі жұмысы баяндалды.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында көрсетілген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру жұмысы айтылды. Азаматтарға көрсетілетін заң көмегін жетілдіру мәселелері талқыға түсіп, атқарушылық іс жүргізу және нотариустар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берілді.

М. ДАНИЯРҰЛЫ

Алматы облысы