АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КЕШЕ 189 АДАМ ҚАУІПТІ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРЫП АЛДЫ

Уақыты: 05.05.2021
Оқылды: 1045
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында өткен тәуліктегі мәлімет бойынша 189 адамнан коронавирус шықты. Оның ішінде 137 симптомдық және 52 симптомсыз жағдай анықталды. Бұл жайында "Жетісу" газеті хабарлады.

Соның ішінде Талдықорған қаласында - 46, Талғар ауданында – 28, Еңбекшіқазақ ауданында - 25, Жамбыл ауданында – 16, Қарасай және Көксу аудандарында 15 жағдайдан, Панфилов ауданында – 12, Қаратал ауданында – 10, Іле ауданында – 8, Ұйғыр ауданында – 7, Ескелді ауданы мен Текелі қаласында 3 жағдайдан, Ақсу ауданында 1 жағдай тіркелді.

Жалпы, 5 мамырдағы жағдай бойынша облыста өткен жылдан бері 22 157 коронавирус жағдайы анықталған. 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші 1036,6-ны құрады.

Облыс бойынша КВИ-дің өсу қарқыны соңғы 2 аптада 1,2 пайыздан 0,9 пайызға дейін азайды. Одан бөлек, бүгінгі күні 14 507 адам КВИ-дан жазылып шықты, бір тәулік ішінде стационардан 49 пациент шығарылды, 45 адам үйден оқшаулаудан босатылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан