Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ҚАЗАҚСТАНДА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНАН ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРДІҢ БӘРІ "ҚЫЗЫЛ АЙМАҚТА" ТҰР

Уақыты: 25.07.2021
Оқылды: 430
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комссия 2021 жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Аталмыш комиссия мәліметіне сәйкес, "қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары бар. "Сары аймаққа" тек Алматы облысы ғана шықты. Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысы "қызыл аймақта" болған еді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"