Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ЕКІ КҮН ІШІНДЕ 899 АДАМНАН КОРОНАВИРУС ШЫҚТЫ. ОБЛЫСТАҒЫ ЭПИДАХУАЛ

Уақыты: 21.01.2022
Оқылды: 672
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында соңғы тәулікте 467 адамнан індет анықталды.

Коронавирус басталғалы бері облыста КВИ-дің зертханалық расталған 61 220 жағдайы тіркелген, оның ішінде 46 175 адамда симптом белгілері бар. Соңғы екі аптамен салыстырғанда облыс бойынша КВИ-дің өсу қарқыны 0,1%-дан 0,6%-ға дейін ұлғайған.

Жұқтырған 467 адамның 395-інде симптом белгілері бар. Аудан-қалаларға бөліп айтсақ, көрсеткіш келесідей: Алакөл-8, Балқаш-18, Еңбекшіқазақ-26, Ескелді-13, Жамбыл-24, Іле-11, Қарасай-69, Қаратал-14, Кеген-4, Кербұлақ-18, Көксу-10, Панфилов-14, Райымбек-3, Талғар-69, Ұйғыр-32, Талдықорған-104, Текелі-16, Қапшағай қаласы-14.

Айта кетейік, кеше аймақта 432 адамнан коронавирус шыққан еді. Бүгінде облыста толық екпе алғандардың үлесі 71 пайызға (854 169) жетті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"