Әлеуметтік дәріхана

Уақыты: 11.01.2024
Оқылды: 624
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Фармацевтикалық нарықта жұмыс істеу ерекше тәсілді және жоғары жауапкершілікті талап етеді. 

«Заңғар» әлеуметтік дәріханасының басшысы Гүлмира Ешмұхаметова фармацевтика саласында мол тәжірибе жинаған. Соны пайдалана білген ол бизнес ашуға шешім қабылдап, бүгінде дәріханасы көпшілікке танылды. 2011 жылдан бастап  кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан Гүлмира Бейсембайқызы фармацевтикалық тауарлардың бөлшек саудасын жүзеге асырады.   

Онда дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардың небір түрі бар және оған қолжетімді. Балаларға қажет медициналық тауарлар да табылады. Әлеуметтік дәріхананың қалада 5 желісі бар. Ондағы барлық тауар сертификатталған.   

Компания айналым қаражатын толықтыруға субсидиялау құралдары бойынша «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы шеңберінде «Даму» қорының қолдауына ие болды. Қызмет көрсету сапасына да мән беріледі және мамандар да білікті. 

А. Ыбырай
Талдықорған қаласы
Фото: damu.kz