ЕСІК ҚАЛАСЫНЫҢ 29 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Уақыты: 12.04.2020
Оқылды: 1018
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы бір жағдайы тіркелді. Бұл жайлы Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мəліметіне қарағанда, сырқат жұқтырған қыз бала 1991 жылы туған. Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласының тұрғыны. Ол Еңбекшіқазақ ауданының орталық аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды. Байланыста болған адамдар анықталуда. Анықтала салысымен олар карантинге алынады.

Атап өтсек, 2020 жылдың 11 сəуірі күнгі сағат 23.00-дағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырған 11 оқиға тіркелген. Бір адам жазылып шықты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"