ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖАРЫС ЖОЛЫНДА

Уақыты: 03.07.2022
Оқылды: 1392

Талдықорған қаласында «Балалар жылына» орай ауыл жасөспірімдерінің жазғы спартакиадасы басталды.

Жетісу облысының алғашқы бәсекесіне 9 ауданның командасы келіп,    спорттың 9 түрінен бақ сынайды. Жарыс қорытындысына сай Жетісу облысының құрама командасы анықталады. Жеңімпаз атанған команда шілде айының соңында біздің облыста  жалауы желбірейтін  ауыл жасөспірімдерінің республикалық жазғы спартакиадасында өңірдің намысын қорғамақ.
Бәсекенің ашылу салтанатында жарысты ұйымдастыру комитетінің төрағасы Алмат Үшкемпіров пен «Жастар» спорт сарайының директоры Талғат Өмірбеков сөз сөйлеп, спортшы балаларға сәттілік тіледі.
Естеріңізге сала кетейік, спартакиада 3-шілдеге дейін жалғасады. Онда спортшылар асық ату, қол күресі, волейбол, баскетбол 3х3, грек-рим, еркін күрес, дзюдо, қазақ күресі және шағын футболдан бақ сынайды. Жарыс Ескелді, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласында өтеді.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ
Талдықорған қаласы
Жетісу облысы