ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ОЙЫНШЫСЫ "ЖЕТІСУҒА" КЕЛДІ

Уақыты: 03.08.2023
Оқылды: 890

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы 28 жастағы Ерсұлтан Сағындықов "Жетісу" сапына келіп қосылды, - деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы. 


Осыған дейін "Аят", "Астана" сапында көзге түскен ойыншы талдықорғанның командасымен келісімге келді. 

"Жетісу" футзал клубы дәл қазіргі сәтте Талдықорғанда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ал олар алғашқы ойынын 3 қыркүйекте ел Суперкубогынан кейін болатын Қазақстан кубогының алғашқы іріктеу ойындарынан бастайды. Чемпионат болса 24 қыркүйекте бастау алады.