Дау тудырған мәлімдемеден кейін Головкинді бокстағы былықты түзеуге шақырды

Уақыты: 20.03.2024
Оқылды: 429

YouTube-тегі бокс туралы neKARAte арнасының авторы қазақстандық Ангелины Лукастың сөзіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.

Лукас Қазақстан құрамасында бапкер Шамиль Сафиулин әділетсіздік жасап, жеңіліп қала берсе де шәкірті Жәйнә Шекербекованы ғана үлкен жарыстарға апарып жүргенін айтқан. 

"Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Қазақстан құрамасында орынға лайықсыз боксшылар барын айтады. Ангелинаны 100% қолдаймын, біріншіден, бұл шындық, екіншіден бұл батыл түрде ашық айтылды. Мәселен, Италиядағы лицензиялық турнирде қазақстандық бұрымдылар бірде-бір жолдаманы ала алмады. Көрсеткен деңгей нашар. Неге? Бәрі бармақ басты, көз қыстының кесірі. Барлық жерде бұрынғы жетістігі үшін өздерінің боксшыларын сүйрей береді. Ангелинаны қолдаймын, өйткені нәтиже көңілді құлазытады. Құрамада тек мықтылар болу керек! Алға, Қазақстан!

P.S: алда Олимпиада, Геннадий Геннадиевич боксты тәртіпке кетіреді деп үміттенеміз, бұрымдылар боксын қоса айтқанда", - деп жазыпты ол " target="_blank">телеграм арнасында. 

Фото: Тұрар Қазанғапов