СӘТСІЗДІКТЕН КЕЙІН. ФУТБОЛДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА БАПКЕРІ ӨЗІ БОЛАШАҒЫ ЖӨНІНДЕ АЙТТЫ

Уақыты: 27.03.2024
Оқылды: 384

Магомед Әдиевтің ойыннан кейін болашағы туралы мәлімдеме жасады:
 

Ұлттық құрамадағы қызметімді жалғастыратын ой бар ма? Менде көп ой бар, мақсат бар. Алдыда қандай қиын жол тұрғанын білемін. Біздің ойынымыз төмен кетіп бара жатқанын білеміз. Қайта жаңғырып, бәрін жаңадан бастау керек. Немесе бәрін жаңадан бастайтын жаңа бапкер керек.  Бірақ, жаңа бапкер ұзақ мерзімге команда жасақтай алады деп ойламаймын. Бақылау ойындары арқылы команданы қайта құру керек. Мен батып бара жатқан кемеден ешқашан қашқан емеспін. Бапкерлік орынға да жабысып қалған адам емеспін. Федерация қандай шешім қабылдайды, біз де солай қозғалатын боламыз.