ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС: МӘДЕНИЕТКЕ ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ

Уақыты: 05.10.2022
Оқылды: 1547
Бөлім: РУХАНИЯТ

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ермек Әбілқасымұлы Доланғаранов Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ермек Әбілқасымұлы 1965 жылы туған. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық институтын бітірген, мамандығы – мәдени ағарту жұмыстары, эстрадалық джаз оркестрінің дирижері.

Еңбек жолын Сарқан ауданы «Энергия» ұжымшарының көркемдік жетекшісі болып бастады.

Кейін Сарқан аудандық мәдениет бөлімінде клуб бөлімінің меңгерушісі, «Энергия» ұжымшарында музыкалық жетекші, аудандық Мәдениет үйінің директоры, Талдықорған қаласында Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары, облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның көркемдік жетекшісі, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры қызметтерін атқарды.

2022 жылдың қыркүйек айынан – Жетісу облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"