ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЛОМБАРД ТОНАЙТЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 02.09.2021
Оқылды: 1286
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Жамбыл ауданында ломбардтан 33 миллион теңгенің құнды заттарын ұрлады деген күдікпен үш адам қамауға алынды. Бұл туралы "Жетісу" газеті облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Жамбыл ауданында 41 жастағы Қарғалы ауылының тұрғыны полицияға арыз түсірді. Ол белгісіз адамдардың ломбардтан бағалы заттар мен ақша ұрлағаны жөнінде шағымданған. «Полицияның криминалдық тобы үш күдіктіні анықтап, ұстады. Оның екеуі 27 және 32 жастағы Алматы облысының және біреуі 52 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Оларды арнайы жасақпен ұстап, полицияға жеткізді», - деді Алматы облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Данияр Асхат.

Айта кетейік, күдіктілерді ұстағанда олардан шеге сынды тонауға арналған айғақ заттар, алтын бұйымдар мен ақша тәркіленген. Ал жалпы ломбардқа келтірілген шығын көлемі - 33 миллион теңге. Қазір күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 4 бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"