ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ҚЫЛМЫС: МҰЗДАТҚЫШТАН ЕКІ ЖАСАР БҮЛДІРШІННІҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 07.10.2020
Оқылды: 929
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Қаратал аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Үштөбе қаласындағы жеке үйлердің бірінен екі жастағы баланың денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы polisia.kz ақпараттық порталы хабарлады.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Полицияға баланың нағашысы (шешесінің туған әпкесі) хабарласқан. Нағашысының айтуынша, ол шілде айынан бастап жиенін көрмеген. Сіңлісі әпкесіне баланы Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбеген.

Іштей күдіктенген əйел оның жоқтығын пайдаланып, терезе арқылы үйге кіріп, мұздатқыштан баланың мәйітін тапқан. Полицейлер дереу күдіктіні іздестіру шараларын жүргізіп, бірнеше сағат ішінде Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті ұлын өлтіргенін мойындаған. Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"