АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ТӘУЛІК ІШІНДЕ 135 АДАМ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРДЫ

Уақыты: 29.01.2021
Оқылды: 823
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында соңғы екі тәулікте 135 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Мәселен, 28 қаңтарда 71 адам, 27 қаңтар күні 64 адам ковидке шалдыққан. Соның ішінде екі тәулік ішінде ең көп тіркелген өңірлер - Талдықорған, Текелі қалалары мен Талғар, Іле, Қаратал аудандары. Қалғандары Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Алакөл, Жамбыл, Қарасай, Кербұлақ, Ескелді, Жамбыл, Балқаш, Қарасай аудандарынан шыққан.

Ауру ошақтарында байланыста болған барлығы 85 адам анықталды, соның 79-ы - үйде, 6-уы - жұмыста байланыста болғандар. Олардың барлығы да үй карантинінде, дәрігерлердің бақылауында. 28 қаңтардағы жағдай бойынша, ПЦР әдісімен 393 352 адам зертханалық тексеруден өтті. Соңғы үш күнде 5872 адам тексерілді.

Тағы бір айта кететін жайт, Алматы облысында 2020 жылдың 1 тамызынан бері айқындалмаған пневмонияның 1727 дерегі тіркелген. Соңғы тәулікте 14 жағдай, атап айтқанда, Ақсу, Жамбыл, Қарасай аудандарында – 2-ден, Талдықорғанда – 3, Іле ауданында – 5 жағдай анықталды. Қарым-қатынаста болғандар саны - 37, олар медициналық бақылауға алынған, үй карантинінде.

Бүгінгі таңда Алматы облысының ауруханаларында 600-ге жуық адам ем қабылдауда. Оның ішінде 31 адамның жағдайы ауыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"