БІР КҮНДЕ 236 АДАМ КОРОНАВИРУСПЕН АУРУХАНАҒА ТҮСТІ: ОБЛЫСТАҒЫ АХУАЛ

Уақыты: 13.04.2021
Оқылды: 910
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында 13 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирустың зертханалық расталған 17134 жағдайы тіркелді. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын 263 адам жұқтырған, өсім – 1,6 пайыз. Соның ішінде Талдықорғанда - 50, Ұйғыр ауданында - 38, Жамбыл ауданында - 32, Еңбекшіқазақ ауданында - 28, Панфилов ауданында - 24, Көксу ауданында, Қапшағай қаласында - 14-тен, Қарасай ауданында - 13, Талғар ауданында, Текелі қаласында - 12-ден, Іле ауданында - 11, Кербұлақ ауданында - 6, Алакөл ауданында - 4, Балқаш, Кеген аудандарында - 2-ден, Қаратал ауданында - 1 жағдайдан анықталған. Олармен 602 адамның байланыста болғаны анықталып, барлығы үй карантинінде, медициналық бақылауға алынған. 

Өткен жылдың тамыз айынан бері анықталмаған пневмонияның 2960 дерегі тіркелген. Ал соңғы тәулікте 58 өкпе қабынуы анықталды: Қарасай ауданында - 37, Сарқан ауданында - 8, Ақсу ауданында - 6, Еңбекшіқазақ ауданында - 5, Жамбыл ауданында - 1. Олармен байланыста 152 адам болған, барлығы үй карантинінде, медициналық бақылауда.

Облыста ПЦР тәсілімен 549677 адам зертханалық тексеруден өткен, соның ішінде, соңғы 3 күнде тексерілгені - 7314 адам. Ауруханаларда 2473 адам ем алуда, оның 26-сы - ауыр халде.

Соңғы тәулікте ауруханаларға 236 адам түсті, 210 адам жазылып шықты. Инфекциялық стационарлардағы төсек-орын толымдылығы - 55 пайыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"