КОРОНАВИРУС: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 400 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

Уақыты: 07.07.2021
Оқылды: 1140
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында кеше коронавирусқа қарсы екпе салдырғандардың саны 400 мың адамға жуықтады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

6 шілде күні екпенің бірінші компонентін 396 мың адам алса, екінші компонентін салдырғандар 227 мыңнан асты. Оның ішінде, 7834 (4273 - бірінші компонент) студент бар. Ал өндірістік кәсіпорындарда қызмет атқаратын 2305 адам екпенің бірінші компонентін алған. Екінші компонентті 975 өндіріс қызметкері салдырған. Бұл - Алматы облысы тұрғындарының 20 пайызы екпе ектірді деген сөз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"