БҮГІН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 86 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 08.07.2021
Оқылды: 1434
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Бүгінгі, яғни, 8 шілдедегі мәлімет бойынша Алматы облысында коронавирустың зертханалық расталған 86 жағдайы тіркелді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Облыс бойынша КВИ-дің өсу қарқыны соңғы 2 апталық салыстыру кезінде 0,1% деңгейінде қалды. Соңғы аптадағы өсімнің ең жоғары қарқыны Балқаш өңірінде - 0,8%, Еңбекшіқазақ -  0,2%, Ескелді - 0,4%, Жамбыл – 0,3%, Іле – 0,4%, Қарасай – 0,5%, Қаратал - 0,7%, Көксу - 0,2%, Райымбек – 0,2%, Сарқан - 0,3%, Талғар – 0,5%, Кеген – 0,2% аудандар мен Талдықорған – 0,2%, Текелі - 0,2%  қалаларында байқалды.

Кешеден бері жұқтырғандардың 62-сі симптомдық (72,1%), 24-і симптомсыз (27,9%) жағдай. Оның ішінде 5 жасқа дейінгі 10 бала бар. Оқушылар арасында 2 жағдай тіркелген.

Соңғы тәулікте сырқаттанғандар Ақсу, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Талғар, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларынан шықты.

8 шілдедегі жағдай бойынша барлығы 26 665 науқас емделген, бір тәулік ішінде стационардан 11 пациент шығарылды, 29 адам үй оқшаулауынан босатылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"