БҮГІН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 67 АДАМ КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

Уақыты: 19.08.2021
Оқылды: 1151
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында бүгін 423 адам қауіпті індет жұқтырғаны белгілі болды. Ал 67 адам емделіп шықты. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Сарқан, Кеген, Ұйғыр аудандарында және Текелі, Талдықорған қалаларында байқалды. Соңғы тәулікте КВИ-дің 423 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 1,1 пайыз. Оның ішінде, 363 симптомдық және 60 симптомсыз жағдай анықталды.

Індет анықталған 423 жағдайдың 58-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Оның ішінде, 30 оқушы вирус жұқтырған. Ал студенттер арасында 3 жағдай тіркеліп отыр.
Аудан-қалаларға тарқатып айтар болсақ, Ақсуда - 1, Алакөлде - 11, Еңбекшіқазақта - 38, Ескелдіде – 6, Жамбылда – 29, Іледе - 60, Қарасайда - 18, Қараталда - 23, Кегенде – 2, Кербұлақта - 11, Көксуда - 11, Панфиловта – 13, Сарқанда - 13, Талғарда – 37, Ұйғырда – 26, Талдықорғанда – 103, Текеліде - 14, Қапшағайда - 7 адамнан вирус табылды.

Барлығы облыстағы ауруханалардан былтырдан бері 30 832 пациент шығарылды. 441 адам үй оқшаулауынан босатылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"