АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КЕШЕ 72 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН. СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ

Уақыты: 16.11.2021
Оқылды: 982
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Өткен тәулікте Алматы облысында 72 адамнан індет анықталды. Облыс "жасыл аймақта" тұр. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соның ішінде, Талдықорған қаласында – 26, Қапшағай қаласында – 12, Панфилов ауданында – 9, Ұйғыр ауданында – 6, Талғар ауданында – 5, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында – 3 жағдайдан, Алакөл, Қарасай және Қаратал аудандарында – 2 жағдайдан, Ақсу және Ескелді аудандарында 1 жағдайдан тіркелді. Сондай-ақ, өткен тәулікте 119 адам емделіп шықты.

Өңірде 942 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаға 76 адам түсті. Ауруханалардағы төсек-орын саны - 1895. Төсек-орын жүктемесі – 49,7 пайыз.

Соңғы үш күнде 5263 адамның сынамалары ПЦР зертханаларында тексерілді.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 837 380. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 761 890.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"