АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТӨРТ КҮН ІШІНДЕ 240 АДАМ PFIZER ВАКЦИНАСЫН САЛДЫРДЫ

Уақыты: 19.11.2021
Оқылды: 1149
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізу үшін 318 екпе кабинеті іске қосылған. Сонымен қатар, 76 жылжымалы пункт жұмылдырылған. Қазіргі таңда облыста 215 жасөспірім, 3 жүкті әйел індетке қарсы "Файзер" екпесін салдырған. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Бүгінгі күні коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші дозасын алғандар саны – 842 433, бұл тиісті контингенттің 70 пайызын құрайды. Екінші дозасын алғандар, яғни, вакциналаудың толық курсынан өткен тұрғындар саны - 768 160 адам. Бұл облыс тұрғындарының 64 пайызына тең.

Қазіргі уақытта облыста Гам-КОВИД-Вак ("Спутник V"), «Qaz Covid-in», «Sinopharm Vero Cell», яғни, вакцинаның 3 түрі қолданылуда. Одан бөлек, Алматы облысында 15 қарашадан бастап жасөспірімдер мен жүкті және емізулі әйелдер арасында вакцинация жұмыстары басталды. Жалпы, облысқа Комирнати (Файзер) вакцинасының 46 800 дозасы келді. Бүгінгі күні вакцина алған тұрғындар саны – 240 адам, оның ішінде 215-і жасөспірім, 3 жүкті және 22 лактация кезіндегі әйел адамдар бар.

Облыс бойынша мектеп қабырғаларында 338 және медицина ұйымдарында 272 егу кабинеті жұмыс істеп тұр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"