ӘЛЕМДЕ ЖАҢА ВИРУС ПАЙДА БОЛДЫ. ОҒАН ВАКЦИНАНЫҢ КҮШІ ЖЕТПЕУІ МҮМКІН

Уақыты: 27.11.2021
Оқылды: 1625
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың 1.1.529 цифрлы жаңа мутациясы анықталды. Бұл вирус бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда тез жұғады және вакциналардың оған әсері тиімсіз болуы әбден мүмкін. Оның үстіне, ғалымдар бұл вирусты біз көрген аурудың ең жаманы деп атаған.

"Қазақпараттың" мәлімдеуінше, коронавирустың жаңа штамының таралуы туралы хабарламадан кейін көптеген шекаралар жабылып, рейстер тоқтатылды және бүкіл әлемде экономика қайта құлдырай бастаған.

Осыған байланысты Еуропа елдері карантин шараларын қайта күшейтіп жатыр. Жаңа штамм мәселесіне орай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл отырыс өткізіп, «қауіп тудыратын» жаңа нұсқаны ресми түрде жіктеп, оған «Омикрон» деген атау берді. Бүгінде вирус Израиль мен Еуропаға жеткен. Ресей билігі жаңа нұсқаның таралуына байланысты Африканың сегіз мемлекетіне барыс-келісті тоқтатты, сонымен бірге, Мадагаскар мен Гонконг азаматтарына елге кіруге тыйым салды. Ресей ғана емес, өзге де елдер Оңтүстік Африка, Ботсван, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Эсватини және Танзания мемлекеттерімен қарым-қатынасқа шектеу қойып жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"