ҚАСКЕЛЕҢДЕ 13 ЖАСАР ҚЫЗДЫҢ АСҚАЗАНЫНАН УЫС-УЫС ШАШ ШЫҚТЫ

Уақыты: 07.11.2022
Оқылды: 1684
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының дәрігерлері 13 жасар қыздан «асқазанның трихобезоары» диагнозын анықтады. Дәрігерлер қыздың асқазанынан салмағы 1,5 келі шашты алып тастады. Бұл туралы Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Ауруханада 13 жасар науқасты тексеру барысында дәрігерлер қыздың асқазанынан қозғалмалы массаны анықтаған. Асқазанға фибро гастродуоденоскопия жасау кезінде диагноз толығымен расталған.

Трихобезоар ауруы асқазанға шаш, жүн түскен кезде пайда болады. Көбіне шашты, жүннен жасалған бұйымдарды, киізді шайнау және жұту сияқты зиянды әдеті немесе патологиялық бейімділігі бар балаларда кездеседі. Нәтижесінде, асқазандағы тамақпен араласып "шаш ісігі" пайда болады.

Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасының тәжірибелі хирургтары Мәулен Малғаждаров Максим Стадников науқасқа дер кезінде ота жасап, науқастың асқазанынан салмағы 1,5 килограмм болатын өлшемі 20×30 см трихобезоарды алып тастады. Бөтен денені алып тастағаннан кейін науқастың психоэмоционалды жағдайы жақсарып, ауырсыну синдромы басылды. Қазіргі уақытта жас қыз хирургиялық бөлімде емделуде.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қарасай аудандық көпсалалы ауруханасында 1000-нан астам ота жасалды. Көп жағдайда ауруханаға түскен науқастарға шұғыл түрде ота жасау қажет болады.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"