"ӘЛСІЗДІК БАСҚАН": ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТАҒЫ 10 АДАМ КОРОНАВИРУСПЕН ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 11.06.2020
Оқылды: 1002
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында тағы 13 адам қауіпті індетке шалдығып отыр. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі мәлімдеді.

Вирусты жұқтырған 10 адам – Талдықорған қаласында, 2 адам – Сарқан және 1 адам Қарасай аудандарында анықталған.

Сырқаттанғандардың ең үлкені 79 жаста. Олардың барлығының дене қызуы 38,5 градусқа дейін көтеріліп, әлсіздік басқан. Сондай-ақ, тамақ ауруына шағымданып, "Жедел жәрдем" қызметкерлерін шақырған. ЖРВИ, пневмония және бронхит диагнозымен жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылған. COVID-19 инфекциясы анықталған соң науқастар оқшауландырылып, олармен байланыста болған адамдар карантинге алынды. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сонымен, 11 маусым, сағат 19:00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 470 болса, оның 309-ы жазылып шыққан.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"