"БІР КҮНДЕ 461 АДАМ": ҚАЗАҚСТАНДА КОВИДПЕН АУЫРҒАНДАР САНЫ КҮРТ ӨСТІ

Уақыты: 31.10.2020
Оқылды: 897
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда өткен тәулікте 461 адамнан коронавирус індеті анықталды. Бұл тамыз, қыркүйек айларымен және қазанның басқы кезімен (ол уақытта ауырғандар саны тәулігіне 50-60 адам болатын) салыстырғанда ковидтің бірнеше есеге күрт өскенін білдіреді.

Ресми сайтта шыққан мәлімет бойынша, ауырғандардың барлығы ПТР-тестке анализ тапсырған. Сол кезде вирусқа шалдыққаны белгілі болған. Аймақтар бойынша өткен тәулікте вирус жұқтырғандардан тағы да Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр. Онда бір күнде 233 адамнан ковид анықталған. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында 20-30 адам вирус жұқтырған. Ал Алматы облысында өткен тәулікте 14 адамның ковидке шалдыққаны расталды.

Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны 111 мың 953 адамға жетті.

Мұнымен қоса, ковидке ұқсас пневмония дерті де асқынып тұр. Тамыз айынан бері қайтыс болғандар саны 400-ге жуықтады. Қазақстан бойынша бір тәулікте 195 адамның өкпесі қабынған. Екі адам көз жұмған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан