ҚАЗАҚСТАНДА КОВИД ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ ТӘУЛІГІНЕ 700 АДАМНАН АСЫП ТҮСТІ

Уақыты: 08.11.2020
Оқылды: 1185
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда өткен тәулікте 723 адамнан коронавирус індеті расталып, ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы ковид жайлы ресми ақпарат беретін сайтта жарияланды.

Аймақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласында - 49, Алматы қаласында - 28, Шымкент қаласында - 6, Ақмола облысында - 43, Ақтөбе облысында - 8, Алматы облысында - 11 адам вирус жұқтырған. Сондай-ақ, көрсеткіштер өзге де облыстарда өскен: Атырау облысы - 5, Шығыс Қазақстан облысы - 353, Жамбыл облысы - 4, Батыс Қазақстан облысы - 43, Қарағанды облысы - 17, Қостанай облысы - 57, Маңғыстау облысы - 3, Павлодар облысы - 63, Солтүстік Қазақстан облысы - 32, Түркістан облысы - 1. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 116162-ге жетті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"