АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 22 ОҚУШЫ КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРЫП ЖАТЫР

Уақыты: 11.11.2020
Оқылды: 1091
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында мектепке барып жүрген және онлайн оқып жатқан 22 оқушы коронавирус жұқтырған. Бұл жайында Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Шарапиев журналистермен болған брифингте айтты.

Брифингте өңірдегі эпидемиялогиялық ахуал қалыпты екені мәлімделді. Апталық өсім - 0,2 пайыз. Соңғы тәулікте облыста 17 адамнан вирус анықталған. «Індет жұқтырған оқушылардың барлығы симптомсыз аурулар. Сондықтан, олар үй карантинінде медициналық бақылауда жатыр. Олармен қарым-қатынастағы адамдардың барлығы зерттелді, жұқтырған жоқ»,- деді Асхат Шарапиев.

Баршаға мәлім, 7 қарашадан бастап Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасына санитарлық бекет қойылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан