АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІР ТӘУЛІКТЕ 61 АДАМ ҚАУІПТІ ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚТЫ

Уақыты: 07.01.2021
Оқылды: 1063
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда өткен тәулікте 775 адамда коронавирус індеті расталып, ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде, Алматы облысында жұқтырушылар саны күннен-күнге өсіп барады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Алматы облысында бір тәулікте 61 адамнан ковид белгісі анықталды. Ал 5 қаңтар күні бұл көрсеткіш төмен болған. Ол күні 52 адам қауіпті індетке шалдыққан еді. Айта кетейік, Алматы облысында былтырдан бері барлығы 7420 адам ковид жұқтырды. Оның ішінде, 6044 адам емделіп шығып, 83 адам қауіпті дерттен көз жұмды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"