ЕНТІГУ МЕН ЖҮРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ: АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЕЛОРДАДА ЕМДЕЛУДЕ

Уақыты: 08.07.2020
Оқылды: 1345
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ентігу мен жүрекке ауа жетіспеушілігіне байланысты Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталыққа жеткізілді. Бұл туралы Талдықорған қаласының журналистер үйінде өткен брифингте мәлім болды.

Баспасөз мәслихатында Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов:

- Өздеріңіз білетіндей, Амандық Ғаббасұлыда коронавирус үш апта бұрын анықталды. Ол емделді, бірақ ентігу мен жүрек жетіспеушілігінің басталуына байланысты дәрігерлер оны Нұр-сұлтан кардиологиялық орталығына жатқызу туралы шешім қабылдады, - деп қазіргі уақытта әкімнің жағдайы жақсарғанын атап өтті. - Ол жерде ем алып жатыр жағдайы әлдеқайда жақсарды. Ол үнемі спортпен айналысады, денсаулығы мықты. Сондықтан жақын арада ол жазылып, жұмысқа кіріседі.

Еске салайық, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны 22 маусымда белгілі болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"