АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ СИМПТОМСЫЗ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Уақыты: 22.06.2020
Оқылды: 1009
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ коронавирус індетіне шалдықты. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оқшауланды. Себебі, соңғы зертханалық сынама облыс басшысының бойында COVID-19 белгілерін анықтады. Ауру белгісіз (симптомсыз) өтуде. Осы уақыт аралығында облыс әкімі оқшауланып ем қабылдап, жұмысын жалғастырады", - деп жазды Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел әлеуметтік желіде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"