Төрт түліктің жағдайы жақсы

Уақыты: 12.11.2023
Оқылды: 1059
Бөлім: ОН САУСАҚ

Алакөл ауданы, біріншіден, Қытаймен шегаралас аймақ, екіншіден, аумағынан теміржол өтеді, үшіншіден, туристік мүмкіндігі мол. Оған қоса өңірдегі мал саны облыста алдыңғы орында. Осының бәрі аудан экономикасының әлеуеті зор екенін көрсетеді. 

Алакөл ауданындағы мал басы жыл сайын өсіп, жақсы көрсеткіштер көрсетуде. Биыл  ірі қара 87841, қой-ешкі 271272, жылқы 33 800, түйе 748  басқа жетсе, тағы да басқа жануарлар мен құстардың саны арта түсті. Ауданда сыйымдылығы 6300 басқа арналған 6 мал бордақылау алаңы  жұмыс істейді. Қара суық түссе мал бордақылау жұмыстары басталады.

Жыл басында жоспарланған 326,5 мың тонна шөп, пішендеме, сабан, сүрлем, құрама жем қоры толық дайындалды. «Алакөл» несие серіктестігіне «Кең дала», «Агробизнес» бағдарламалары  бойынша 44 шаруа қожалықтан жалпы көлемі 921,0 млн. теңгеге сұраныс түсіп, 31 шаруашылық қаржыландырылған.

«Ауыл аманаты» жобасының І кезең бойынша   елді мекен тұрғындарынан «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ-на жалпы көлемі 251,8 млн. тенгені құрайтын 34 өтінім түсіп, 3 өтінім кері қайтарылса, 31 өтінім қаралып, оның 26 өтінімі мақұлданып, 19 өтінімге 110,2 млн. теңге несие берілді.  Қазір7 өтінім несие беруге дайын. Құжаттарының толық және дұрыс болмауына байланысты 5 адамның өтінімі толықтырылу үстінде. «Ауыл аманаты» жобасының ІІ кезеңі бойынша 37 адамнан жалпы қаражат көлемі 267 млн. теңгеге өтінім түскен.

Айта кетерлігі, жыл сайын Алакөл ауданының Лепсі ауылында республикалық мал шаруашылығы көрме-конференциясы өтіп тұрады. Онда отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен мал шаруашылығының жай-күйі талқыланады. Көрмеге қатысушылар аукцион арқылы асыл тұқымды мал басын сатып алуға мүмкіндік алды. Бұл өз кезегінде Алакөл ауданындағы мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының мал басын асылдандыруға да ықпалын тигізуде.

Қажет Андас
Алакөл ауданы