ӘЖЕЛЕР АНСАМБІЛІ ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 851
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін таңмен таласа күллі қазақстандықтар мемлекет болашағы үшін маңызды шешім болып табылатын сайлауға асықты. 

Аса белсенділік танытып сайлауға ұжыммен келгендер де болды. Мәселен, Көкпекті ауылындағы әжелер ансамбілінің мүшелері ұжым болып шашу шашып, арнайы дауыс беруге келді.

Әжелер ансамбілінің мүшесі, Көкпекті аулы аналар қауымының төрайымы Гүлсім Есентайқызы:

- 70- тен ассақ та жылда сайлауға ұжыммен келіп дауыс беруге келеміз. Себебі, депутат таңдауда әр адамның дауысы маңызды, - деді.

Айдар ҚАЛИЕВ,
Қаратал ауданы