КӘСІПКЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БОЙЫНША БІРНЕШЕ МӘСЕЛЕ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Уақыты: 26.08.2022
Оқылды: 2052
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жетісу облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Оған кеңес мүшелері мен кәсіпкерлер қатысты.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Биньямин Файзулиннің төрағалығымен өткен отырыста ауқымды мәселелер көтерілді. Нәтижесінде, «Ақсу агрохолдингі» ЖШС-нің банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының шектеулерін алып тастау, «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС бойынша құрылыс нысандарының сметалық құжаттамасына түзету енгізу, «Дүзгенбаев Қайрат Кәрімұлы» ЖК бекітілген су қорғау аймақтарына құқық белгілейтін құжаттарды ұсыну мәселелері оң шешімін тапты. Сонымен бірге, «Арқабаев» ЖК, «Қайнар-АКБ» ЖШС бойынша хаттамалық ұсынымдар шығарылды. Олар тиісті шаралар қабылдау үшін мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.

Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ

Жетісу облысы