АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ?

Уақыты: 23.11.2018
Оқылды: 1334
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысы әкімдігі Елбасының ең төменгі жалақыны өсіру бойынша тапсырмасының орындалуын жүзеге асыру мақсатында Кәсіподақтар федерациясымен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, жұмысшылардың ең төменгі жалақы алатын санаттарының еңбекақысын көтеруге мониторинг жасау жөніндегі штаб құрған болатын.

Жүргізілген мониторинг  қорытындысы бойынша бүгінгі күні облыстағы 45 888 адам қызмет ететін 1812 жұмыс беруші 12 926 қызметшінің жалақысын көтеруге дайын екендіктерін мәлімдеді. Олардың ішіндегі 41 кәсіпорын ірі кәсіпкерлік субъектісі болса, 113-і орта, 1658-і шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатады

Өңірде ең төменгі жалақыны өсіру бойынша жұмыс жалғасуда.

24 363 адам жұмыс істейтін 41 ірі кәсіпорында 5814 еңбеккердің,  11943 адам еңбек ететін 113 орта кәсіпкерлікте 2696 жұмысшының, 1658 кіші кәсіпкерліктегі  9582 адамның 4455-інің жалақысы көтерілмек.

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы