Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы тағайындалды

Уақыты: 21.09.2023
Оқылды: 908
Бөлім: САЯСАТ

Жандос Дүйсембиев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Бұл жөнінде 2023 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады:

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Жандос Жұмабайұлы Дүйсембиев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды".

Осы қызметті атқарып келген Данияр Жаналинов өтініші бойынша сәйкес қызметінен босатылды. 20 қыркүйекте оның Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны белгілі болды.