ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Уақыты: 24.04.2024
Оқылды: 458
Бөлім: САЯСАТ

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл тұрғындары жеке мәселесі бойынша қабылдап, әр айтылған ұсыныс-тілек, сұраққа толық жауап берді. Халықпен жиі кездесетін әкім әр тұрғынның өтініші жерде қалмайтындығын, сол бойынша жұмыс жүргізілетіндігін жеткізді.


Бүгінгі қабылдауға 24 адам келді. Көпшілік тұрғындардың сұрақтары тұрғын үй кезегі, әлеуметтік салаға және ауланы абаттандыру, жер мәселесіне қатысты болды. Қала басшысы азаматтардың мәселелерін шешу бойынша басшыларға тиісті тапсырма берді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"