Жетісу кеден бекетінде АҚШ-тан келген сәлемдеме күдікке ілінді

Уақыты: 28.02.2024
Оқылды: 333
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Мемлекеттен шекара арқылы психотроптық заттарды ірі көлемде өткізу дерегі тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен Жетісу кеден бекетінің аймағында психотроптық зат – тетрагидроканнабинол (ТГК) бар 84 электрон темекі салынған пошта жөнелтілімі тәркіленген.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тағы 103 электрон темекі және иісі бар қоңыр түсті сұйықтық құйылған 42 клиромайзер табылған.

Бұл сәлемдемелер Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы келген.

Сот қаулысымен осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген адамға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр.

Фото: Қаржы мониторинг агенттігі