КОРОНАВИРУС ПЕН ПНЕВМОНИЯ: ОБЛЫСТА БІР КҮНДЕ 304 НАУҚАС ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 15.04.2021
Оқылды: 960
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Соңғы жағдай бойынша Алматы облысында КВИ (коронавирустық инфекция) жұқтырудың зертханалық расталған 17360 дерегі тіркелді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соңғы тәулікте ауырғандар саны - 226, өсім деңгейі – 1,3 пайызды құрады. Соның ішінде Талдықорғанда - 53, Еңбекшіқазақ ауданында - 33, Панфилов ауданында - 29, Іле ауданы - 27, Талғар ауданында - 23, Жамбыл және Көксу аудандарында - 16-дан, Қарасай ауданында - 10, Ескелді ауданында - 5, Ақсу, Балқаш, Кербұлақ аудандарында - 3-тен, Ұйғыр ауданында және Қапшағай қаласында - 2-ден, Алакөл ауданында - 1 жағдай расталды. Олармен 415 адам байланыста болған, барлығы үй карантинінде, медициналық бақылауға алынған.

Өткен жылдың тамызынан бері анықталмаған пневмонияның 3038 дерегі тіркелген, соңғы тәулікте 78 адам ауырған: Қарасай ауданында - 32, Қапшағай қаласында - 25, Талдықорған қаласында - 10. Еңбекшіқазақ ауданында - 6, Жамбыл ауданында - 3, Райымбек және Ақсу аудандарында - 1-ден. Олармен 123 адам қарым-қатынаста болған, барлығы да медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде. ПЦР тәсілімен зертханалық тексеруден 552 мың 907 адам өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны - 7190.

Ауруханаларда 2510 адам ем алуда, олардың 25-інің жағдайы ауыр. Бір тәулікте ауруханаларға 241 адам түскен. 198 адам жазылып шықты. Инфекциялық төсен-орынның толымдылығы - 61 пайызға жетті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"