АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ 47 БАЛАДАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 09.02.2022
Оқылды: 1314
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысы коронавирустың таралу деңгейіне байланысты "сары аймаққа" өтті. Бірақ бұл босаңсуды білдірмейді. Бүгін 47 баладан коронавирус анықталған.

Пандемия басталғалы және 2022 жылдың 9 ақпанында Алматы облысында КВИ-дің зертханалық расталған 67 884 жағдайы тіркелген, оның ішінде, 51 589 адамда симптом белгілері бар. Соңғы екі аптамен салыстырғанда облыс бойынша КВИ-дің өсу қарқыны 0,6%-дан 0,4%-ға дейін төмендеді. Соңғы аптада Балқаш, Қаратал, Көксу, Сарқан, Талғар аудандарында және Талдықорған қаласында коронавирус күрт өсті.

Соңғы тәулікте облыста 202 адам індет жұқтырды. Оның ішінде, 153 адамнан симптом анықталған. Сонымен қатар, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 47, 14-17 жас аралығындағы оқушылар арасында 34 және студенттер арасында 4 жағдай тіркелді.

Аудан-қалалар бойынша індет жұқтыру көрсеткіші келесідей: Ақсу-1, Балқаш-1, Еңбекшіқазақ-12, Ескелді-8, Жамбыл-9, Іле-35, Қарасай-12, Қаратал-11, Көксу-8, Панфилов-9, Талғар-8, ұйғыр-2, Талдықорған-76, Текелі қаласы-10.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"