БЕТПЕРДЕ ТАҚПАҒАН 1594 АДАМНЫҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛҒАН - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 26.02.2022
Оқылды: 1255
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында былтыр карантин талабын бұзғандардың үстінен 2260 әкімшілік іс қозғалған.

«2021 жылы Алматы облысы бойынша карантин талаптарын бұзғаны үшін 2260 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде, жұмыс режимін шектеуді бұзу-116; бетперде режимін сақтамау (бетперде, қолғап болмауы) - 1594; отбасылық, естелік іс-шараларды өткізу-357; лимит санын сақтамау-31; дезинфекциялық режимді сақтамау-4 және басқалары-158. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2147 хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамның болмауына байланысты 113 әкімшілік іс тоқтатылды», - делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан хабарламада.

Департамент ақпаратына сәйкес, карантин режимінің талаптарын бұзу бойынша 173 330 370 теңге сомасында 2147 әкімшілік айыппұл салынды. Олар бойынша мемлекет кірісіне 161 644 865 теңге өндіріліп алынды. Әкімшілік істің 27 материалы сотқа берілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"