ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ ФУТБОЛШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Уақыты: 19.11.2022
Оқылды: 929

Алматыда футболдан балалар мен жасөспірімдер арасындағы Ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевты еске алуға арналған IV халықаралық турнир өтті. Оған көршілес елдерден командалар қатысты.

Халықаралық турнирде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның жас футболшылары бақ сынады. Байрақты бәсекеге Талдықорған қаласының Асан Заманбекұлы мен Ерік Дүйсенбекұлы жаттықтырған балғын футболшылары қатысып, жүлдемен оралды. 2012-2013 жылғы аяқдопшылар арасында, 8 команда өзара кім мықтыны анықтады.

«Болашақ Талдықорған» командасы 5 ойын өткізіп, жартылай финалда Қырғызстаннан келген «Дордой» командасын 5:1 есебімен ұтып, 3-орын алды. Ал 2010 жылғы жасөспірім футболшылар арасында да тартысты бәсеке өтті. Асан Заманбекұлының шәкірттері финалға дейін 5 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Ақтық сында «Джайран–Алматы» командасымен жолы түйісіп, 3:1 есебімен есе жіберді. Осылайша турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Әмір САНА

Жетісу облысы