US Open: Елена Рыбакина үшінші айналымға өтті

Уақыты: 31.08.2023
Оқылды: 763
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған, өткен жылы осы жарыстың ширек финалына дейін жеткен аустралиялық Айла Томляновичпен кездесуі керек еді.

Аустралиялық спортшы матчқа келуден бас тартты да, Е.Рыбакина ойнамастан үшінші айналымға жолдама алды.

Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен таласады. Ол екінші кездесуінде рейтингте 89-сатыдағы ресейлік Анна Калинскаяны қапы қалдырды – 6:3, 6:4.